Мазмұнға өту
QAIRU — Qazaq AI Research University
Жеке кабинет
QAIRUМагистратураAI+X · ғылыми-педагогикалық

AI+X · ғылыми-педагогикалық магистратура

Жасанды интеллект жүйелерін әзірлеу, енгізу және басқару бойынша ғылыми және инженерлік мамандар дайындау — зерттеу және педагогикалық практикамен.

Код: 7M06101Мерзімі: 2 жылКөлемі: 120 кр.Траекториялар: 3
01 — Бағдарлама туралы

Мақсаты мен тұжырымдамасы

Білім беру бағдарламасының мақсаты – жасанды интеллект жүйелерін әзірлеу, енгізу және басқару, деректерді талдау және өңдеу, сондай-ақ күрделі цифрлық және өнеркәсіптік жүйелерді интеллектуалдандыру саласында жоғары білікті ғылыми және инженерлік мамандарды даярлау.

«7M06101 AI+X» білім беру бағдарламасы цифрлық және өнеркәсіптік жүйелерді интеллектуалдандыру жағдайында күрделі ғылыми және қолданбалы міндеттерді шешуге арналған жасанды интеллект технологияларын әзірлеу, енгізу және қолдану саласында мамандарды даярлауға бағытталған.

Магистранттар машиналық оқыту, деректер инженериясы, компьютерлік көру, интеллектуалды жүйелер архитектурасы, MLOps және цифрлық инфрақұрылымдарды құру әдістерін меңгереді.

Бағдарлама іргелі дайындықты практикалық және зерттеу қызметімен үйлестіреді және нақты индустриялық міндеттерді шешуге бағытталған.

Коды мен атауы7M06101 AI+X (ғылыми-педагогикалық)
Білім беру саласы7M06 — Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Оқу мерзімі2 жыл · 6 триместр, әрқайсысы 10 апта
Көлемі120 академиялық кредит
ДеңгейіБХСЖ / ҰБШ / СБШ бойынша 7-деңгей
ДәрежеТехника ғылымдарының магистрі
Қорытынды аттестаттауМагистрлік диссертацияны қорғау
Түсу шарттары
02 — Траекториялар

Мамандану бағытын таңдаңыз

Траектория 1

Industrial AI and Smart Systems

Өнеркәсіп пен зияткерлік инфрақұрылымға арналған ЖИ: болжамды диагностика, цифрлық егіздер, IoT және Edge AI, өндірістік және энергетикалық процестерді оңтайландыру.

  • Өнеркәсіптік AI және болжамды диагностика
  • Цифрлық егіздер
  • Өнеркәсіптегі IoT және Edge AI
Траектория 2

AI Systems Engineering and Security

AI жүйелерінің инженериясы: архитектура, MLOps, деректер инженериясы, таратылған және бұлттық жүйелер, интеграция және енгізу, қауіпсіздік және тәуекелдерді талдау.

  • AI жүйелерінің архитектурасы және MLOps
  • Жетілдірілген машиналық оқыту
  • AI жүйелерін интеграциялау және енгізу
Траектория 3

AI for Unmanned Aerial Systems

Ұшқышсыз авиациялық жүйелерге арналған ЖИ: зияткерлік ұшқышсыз аппараттарды (ҰҰА) жобалау және бағдарламалау, компьютерлік көру, ройлық интеллект және киберқауіпсіздік.

  • ҰҰА үшін компьютерлік көру
  • Ройлық интеллект және көпагентті жүйелер
  • Ұшқышсыз авиациялық жүйелердің киберқауіпсіздігі
03 — Оқу жоспары

Бағдарлама неден тұрады

Сипаттаманы көру үшін пәнді басыңыз. Кредиттер — академиялық; бір кредит 30 академиялық сағатқа тең.

Міндетті пәндер34 кредит

Таңдау бойынша пәндер (траекториялар)30 кредит

Практика, зерттеу жұмысы, қорытынды аттестаттау56 кредит

04 — Оқыту нәтижелері

Не істей аласыз

  1. ОН1Цифрлық және индустриялық трансформация жағдайында ұйымдар мен күрделі жүйелердің даму стратегияларын қалыптастыру, жүйелік талдау және модельдеу әдістерін қолдану, деректерге негізделген шешімдер қабылдау және технологиялық өзгерістерді басқару.
  2. ОН2Деректерді жинау, өңдеу, сақтау және талдау әдістерін қолдану, аналитикалық құралдар мен визуализация тәсілдерін пайдалану арқылы күрделі техникалық және қолданбалы міндеттерді шешу.
  3. ОН3Машиналық оқыту және жасанды интеллект әдістерін қолдану, модельдерді жобалау, оқыту және оңтайландыру, олардың тиімділігін бағалау және практикалық міндеттерді шешуде пайдалану.
  4. ОН4AI жүйелерінің архитектурасын жобалау, деректер инженериясы әдістерін қолдану, масштабталатын және жоғары жүктемелі интеллектуалды жүйелерді әзірлеу.
  5. ОН5AI модельдерін өндірістік ортаға енгізу, олардың өмірлік циклін басқару, MLOps құралдарын қолдану, мониторинг жүргізу және модельдердің сенімділігін қамтамасыз ету.
  6. ОН6Өнеркәсіптік процестерді, энергетикалық жүйелерді және интеллектуалды инфрақұрылымдарды оңтайландыру үшін AI технологияларын қолдану және тиімді шешімдер әзірлеу.
  7. ОН7Таратылған және бұлттық AI жүйелерін жобалау, деректер инфрақұрылымдарын басқару және жоғары жүктемелі есептеу орталарында интеллектуалды жүйелерді іске асыру.
  8. ОН8Генеративті AI негізінде цифрлық өнімдерді әзірлеу, олардың функционалын анықтау, прототиптер жасау және практикалық ортада енгізу.
  9. ОН9Жасанды интеллект саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, нәтижелерді талдау және оларды ғылыми және өндірістік ортада қолдану.
  10. ОН10AI жүйелерін әзірлеу барысында бағдарламалық инженерия, API интеграциясы, DevOps және enterprise architecture тәсілдерін қолдану, интеллектуалды жүйелерді корпоративтік және өндірістік ортаға енгізу.
  11. ОН11AI өнімдерін әзірлеу, инновацияларды басқару және цифрлық трансформация стратегияларын іске асыру барысында Agile, Scrum, Lean Startup және product management тәсілдерін қолдану.
05 — Мансап

Түлектер қайда жұмыс істейді

Түлектердің кәсіби қызмет саласы жасанды интеллект жүйелерін әзірлеу, деректерді талдау және өңдеу, сондай-ақ цифрлық және өнеркәсіптік жүйелерді интеллектуалдандырумен байланысты ұйымдарды қамтиды.

Бағдарлама түлектері IT-компанияларда, жасанды интеллект және деректерді өңдеу орталықтарында, өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындарда, телекоммуникациялық ұйымдарда, мемлекеттік секторда, цифрлық платформалар мен стартаптарда, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдарында кәсіби қызмет атқара алады.

«Жаңа мамандықтар атласындағы» мамандықтар: ЖИ технологы; жұмыс процестерін оңтайландыру маманы.

Деректер аналитигіДеректер инженеріМашиналық оқыту инженеріЖасанды интеллект инженеріAI жүйелерінің сәулетшісіMLOps инженеріКомпьютерлік көру маманыДеректерді өңдеу және талдау жөніндегі маманAI жүйелерін енгізу және сүйемелдеу жөніндегі маманӨндірістік және цифрлық жүйелерді оңтайландыру жөніндегі маманAI жобалар менеджеріЖоғары технологиялық ұйымдардың сарапшысыҒылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкеріЖоғары оқу орындарының оқытушысыҚұрылымдық бөлімше басшысы және оның орынбасары
06 — Қабылдау мерзімдері

Жақын ағындар

Қалай түсуге болады
Ағын 1
  1. Өтінімдер қабылдау25 қазан — 7 қараша
  2. Оқуға қабылдау9 қараша — 13 қараша
  3. Оқу басталуы16 қараша
Ағын 2
  1. Өтінімдер қабылдау20 қараша — 5 желтоқсан
  2. Оқуға қабылдау7 желтоқсан — 11 желтоқсан
  3. Оқу басталуы14 желтоқсан
Ағын 3
  1. Өтінімдер қабылдау20 қаңтар — 5 ақпан
  2. Оқуға қабылдау8 ақпан — 12 ақпан
  3. Оқу басталуы15 ақпан

ЖИ саласында мансап бастауға дайынсыз ба?

Өтінім қалдырыңыз — қабылдау комиссиясы бағдарлама мен ағынды таңдауға көмектеседі.