Industrial AIӨндірістік процестерді басқару және оңтайландыруға арналған AIПәннің мақсаты – өндірістік процестерді басқару және оңтайландыру үшін AI технологияларын қолдану әдістерін меңгеру. SCADA жүйелері, Industrial IoT, reinforcement learning, predictive analytics, цифрлық модельдеу, TensorFlow, PyTorch, автоматтандыру, мониторинг және өндірістік операциялардың тиімділігін арттыру тәсілдері қарастырылады.
AI SystemsAI жүйелерінің архитектурасы және MLOpsПәннің мақсаты – өндірістік ортада AI-жүйелерінің архитектурасын жобалау және MLOps тәсілдерін қолдану қағидаларын зерттеу. Пәнде Docker, Kubernetes, MLflow, FastAPI, ML-конвейерлері (ML pipelines), микросервистік архитектура, модельдерді мониторингтеу, AI-шешімдерін орналастыруды автоматтандыру және AWS, Azure, Google Cloud платформаларында AI-жүйелерін сүйемелдеу қарастырылады.
ҰҰАИнтеллектуалды ұшқышсыз авиациялық жүйелерді жобалау, басқару және бағдарламалауПән интеллектуалды ұшқышсыз авиациялық жүйелерді жобалаудың, бағдарламалаудың, интеграциялаудың және пайдаланудың заманауи технологияларын оқытуға бағытталған. Курста ұшу платформаларының архитектурасы, басқару жүйелері, автопилоттарды бағдарламалау, навигация және миссияларды жоспарлау, сенсорлар мен пайдалы жүктемелерді біріктіру, техникалық диагностика және қызмет көрсету, компьютерлік көру, машиналық оқыту, автономды басқару алгоритмдері, ROS2, PX4/ArduPilot платформалары және жасанды интеллект негізінде шешім қабылдау әдістері қарастырылады.